2024 жылғы 25 қаңтарда Арықбалық ауылдық округінің Ағынтай Батыр ауылында ауылдық округ әкімі А.Ә. Әшімовтың халықпен кездесуі өтті. Іс-шараға учаскелік инспектордың көмекшісі, полициясы лейтенанты М.А. Бейсекенов және ауыл тұрғындары қатысты.
Әңгіме барысында тұрғындар абаттандыру, атап айтқанда көшелерді жарықтандыру мәселелерін айтты. Сонымен қатар, азаматтар ауылдағы фельдшердің бос орнын жабу туралы мәселені ерекше бақылауға алуды сұрады.
Барлық проблемалық мәселелер одан әрі шешу үшін А.Ә. Әшімовтің жеке бақылауына алынды.
Сондай-ақ, интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында учаскелік инспектор М.А. Бейсекенов жалпы алдау схемалары туралы ескерту әңгімесін өткізді. Ең қауіптісі — қылмыскерлер миллиондаған зиян келтіретін "банктен қоңырау шалу".