БАПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Антоновка ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті жарияланды

Айыртау ауданы Антоновка ауылдық округі әкімінің аппараты жұртшылықтың танысуы және талқылауы үшін негізгі бюджеттік құжаттардың орналастырылғаны туралы хабарлайды.

«Ашық үкімет» қағидатын іске асыру және мемлекеттік қаражатты жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз ету шеңберінде «Ашық НҚА» порталында мынадай құжаттар жарияланды:

1.2026–2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджет жобасы. Құжатта үш жылдық кезеңге арналған шығыстардың негізгі бағыттары мен түсімдер болжамы қамтылған.
https://budget.egov.kz/material/material?id=4137844&govAgencyId=11884584

2.2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша азаматтық бюджеттің атқарылуы туралы есеп. Есепте ағымдағы күнге қаражаттың игерілуі бойынша жедел деректер көрсетілген.

https://budget.egov.kz/material/material?id=4137848&govAgencyId=11884584

 

Құжаттармен танысып, өз ұсыныстарыңызды «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде қалдыра аласыздар.

Өңірдің тиімді бюджет саясатын қалыптастыру үшін округ тұрғындарын қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

 

 

Ауылдық округ әкімі                                                            Ж. Оразалин

 

Дата публикации
04 февраля 2026