«Антоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2024 жыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары туралы есебі

 

 

«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер тізіліміне 2021 жылғы 25 қарашадағы № 407 енгізілген өзгерістерге сәйкес, ауылдық округ әкімі 2024 жылы 5 мемлекеттік қызметттер бойынша қабылдау жүргізіп нәтиже шығарылды:

1.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»;

2.«Елді мекеннің шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

3.«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;

4.«Жер учаскесiн жеке меншiкке бiр мезгiлде немесе бөлiп-бөлiп сату»;

5.«Жер учаскесін алуға кезекке қою».

Антоновка, Комаровка, Ақан сері, Лавровка, Жұмысшы, Заря, Уголки станциясы ауылдық елді мекендерде тұратын тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Барлық мемлекеттік қызметтер қағаз және электронды түрде тегін көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер мереке және демалыс күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетілді. Азаматтарды қабылдау кезектілік тәртібімен жүргізілді.

Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсетілді, онда тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасалған және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізімі, өтінім үлгілері, регламенттер мен стандарттар көрсетілген, ақпараттық материал орналастырылды. Стендте мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңі туралы барлық толық және сенімді ақпарат бар.  Тоқсан ішінде заңнаманы және қызмет алушылардың құқықтарын түсіндіру мақсатында брошюралар, парақшалар, буклеттер таратылды. Көрсетілетін бес мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған. 2024 жыл бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2024 жыл бойынша 14 арыз түсті. «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 9 қызмет, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару» - 1 қызмет, «Жер учаскесiн жеке меншiкке бiр мезгiлде немесе бөлiп-бөлiп сату» - 1 қызмет. Елді мекен шегінде тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру бойынша 4 арыз.

Әкім аппаратында «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды. Интернет желісіне қолжетімділігі жоқ ауылдық округ тұрғындары өз бетінше электронды қолтаңбаға тапсырыс беріп, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ала алады. «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 149 электрондық мемлекеттік қызмет алынды (ең танымалы: электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, полициядан рұқсат қағазын алу, АӘК алуға өтініш беру).

Ауылдық округ әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспарына сәйкес тоқсан ішінде Facebook әлеуметтік желісінде 7 жарияланым орналастырылды.

Ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары үшін бір жыл ішінде электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Өз кезегінде ауылдық округ мамандары тұрғындарға (азаматтармен жеке, әлеуметтік желілерде) қызметтердің көпшілігін электронды түрде алу мүмкіндіктері туралы тұрақты негізде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында оқытып, практикалық көмек көрсетеді, ақпараттық парақшалар мен брошюралар таратылды (322 дана).

Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электронды форматта мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жалғасатын болады.

 

 

 

ақпарат
Дата публикации
15 января 2025