«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 23 қазанға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Гүлмира Ғазизқызы Түткабаеваға келесі 53-42-18 телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады.
Солтүстік Қазақстан облысында 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспар шеңберінде жеңілдетілген кредит беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Отырыста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің асыл тұқымды мал басын сатып алу және өңірдегі мал шаруашылығы кәсіпорындарын одан әрі дамытуға бағытталған алғашқы жобалары қаралды.
Мал шаруашылығын дамыту облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру аясында мал басын көбейтуге, ет пен сүт өндірісін арттыруға, өңдеу кәсіпорындарының шикізат базасын нығайтуға және ауылдағы инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған жеңілдетілген қаржыландырудың жаңа тетіктері қарастырылған.
Бастапқы кезеңде Солтүстік Қазақстан облысына импорттық асыл тұқымды мал басын сатып алуды қаржыландыруға 15 млрд теңге бөлінді. Қаражат келіп түсті, жобаларды қаржыландыру бойынша практикалық жұмыстар басталды.
Өтінімдерді қарау кезінде шаруашылықтардың қаржылық тұрақтылығына, қажетті инфрақұрылымның, қора-жайлардың, жайылымдық және шабындық алқаптардың болуына, жем-шөп базасымен қамтамасыз етілуіне және сатып алынатын мал басын қабылдауға дайындығына ерекше назар аударылады.
Бағдарламаны іске асырудың басты қағидаты — мемлекеттік қолдау нақты экономикалық нәтижеге айналуы тиіс: жаңа мал басының пайда болуы, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту, өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын жүктеу және ауылдық аумақтарды дамыту.
Комиссияның алғашқы отырысының қорытындысы бойынша бағдарламаның белгіленген талаптарына сәйкес келетін «Азия Тарангул» ЖШС, «Таманское» ЖШС, «Қызылжар Сүт» ЖШС, «Айтеке Би-СК» ЖШС және «Буденное-СК» ЖШС жобалары қолдау тапты. Ауыл шаруашылығы басқармасына «Солтүстік» ӘКК-мен бірлесіп, мақұлданған жобаларды жедел рәсімдеуді және қаражатты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Дайындалған жобалар келіп түсуіне қарай комиссияның жұмысы жалғаса береді. Өңірде мемлекеттік қаржыландыруды тиімді пайдаланып, мал басын одан әрі арттыруға қабілетті тұрақты шаруашылықтардың пулын қалыптастыру жалғасады.
Кешенді жоспарды іске асыру Солтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығын дамытуындағы жаңа кезеңге — мемлекеттік қолдаудан өндірістің тұрақты өсуіне және ауыл экономикасын нығайтуға көшуге негіз болуы тиіс.
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыруға, саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заманауи агротехнологияларды енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Мемлекет басшысының тапсырмалары мен аграрлық секторды дамыту жөніндегі міндеттерге сәйкес, биыл дәндік жүгері егісінің көлемі 15 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға артық. Егіс алқаптарының кеңеюі жоғары табысты өсімдік шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру үшін берік жемшөп базасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Мал шаруашылығын сапалы әрі жоғары энергетикалық құндылығы бар жемшөппен қамтамасыз етпей дамыту мүмкін емес. Дәндік жүгері – ең тиімді мал азықтық дақылдардың бірі. Оны пайдалану мал азығы рационының энергетикалық құндылығын арттыруға, ірі қара малдың тәуліктік салмақ қосуын көбейтуге, сүт өнімділігін арттыруға және мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан дәндік жүгері өндірісін дамыту облыстың агроөнеркәсіптік кешеніндегі стратегиялық бағыттардың бірі болып саналады.
Облыста озық халықаралық тәжірибені енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Уәлиханов ауданында Қытайдың Taihua Modern Agriculture Operation Management Co., Ltd. компаниясының инновациялық технологиясын қолдана отырып, дәндік жүгері өсіру жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Биыл аталған технология 200 гектар алқапқа енгізілді. Жобаның келесі кезеңінде Уәлиханов ауданындағы егіс көлемін 1 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Алынған нәтижелер облыстың жемшөп өндірісін дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге және өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, бұл технологияны Солтүстік Қазақстан облысының өзге аудандарына кезең-кезеңімен енгізуге негіз болады.
Өсімдіктің вегетациялық кезеңінде жауын-шашын тапшылығы мен құрғақшылық белгілерінің байқалуына қарамастан, қолданылған жүгері будандары қолайсыз ауа райы жағдайларына жоғары төзімділік танытып, Солтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайларына жақсы бейімделгенін көрсетті. Алдын ала бағалау бойынша күтілетін өнімділік гектарына 5 тоннаға дейін жетеді. Бұл тәуекелді егіншілік аймағы үшін жоғары көрсеткіш болып саналады. Алынған нәтижелер заманауи технологиялардың солтүстік өңір жағдайында да дәндік жүгеріні тиімді өсіруге мүмкіндік беретін жоғары әлеуетін дәлелдеп, жемшөп өндірісін одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашуда.
Жұмыс кеңесі барысында компания директоры Янг Цинхай дәндік жүгері өсіру технологиясының ерекшеліктері, пилоттық жобаның аралық нәтижелері және оны іске асырудың келесі кезеңдері туралы баяндады. Солтүстік Қазақстан облысы үшін бұл жоба стратегиялық маңызға ие, өйткені өңірде алғаш рет солтүстік ендіктердің табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген дәндік жүгеріні өсірудің заманауи халықаралық технологиясына өндірістік жағдайда кешенді сынақ жүргізілуде.
Жұмыс сапары барысында егіс науқанының ағымдағы қарқыны, аграрийлерді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды қолдану талқыланды. Жер ресурстарын тиімді пайдалану және агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Министр облыс аграрийлерімен кездесіп, саланың өзекті мәселелерін, ауыл шаруашылығын дамыту перспективаларын және ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шараларды талқылады.
Егістік алқаптарын әртараптандырудың маңыздылығы жеке атап өтілді, бұл өндіріс тиімділігін арттыруға, топырақ құнарлылығын сақтауға және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Сондай-ақ сапар аясында Айдарбек Сапаров «Salar Farm» ЖШС жоңышқа өндіру зауытының құрылысымен танысты. Жобаны іске асыру өңірдің қайта өңдеу әлеуетін кеңейтуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және жемшөп өндірісін дамытуға жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы көктемгі егіс науқаны ұйымдасқан түрде және жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Өңір аграрийлері өткен жылғы көрсеткіштерден айтарлықтай озып, алғашқы миллион гектарды сеуіп үлгерді.
Бүгінде облыс шаруашылықтары оңтайлы агротехникалық мерзімдерді тиімді пайдалану үшін техника мен адам ресурстарын барынша жұмылдырды. Бұған көктемгі дала жұмыстары кезеңінде ерекше маңызды болып табылатын мемлекеттің уақтылы қолдауы көп септігін тигізуде.
Сәтті бастаманың негізгі факторларының бірі аграрийлерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету болды. Өңір үшін литріне 281 теңге жеңілдікті бағамен 59 мың тонна жанар-жағармай бөлінді, бұл техниканы егістікке уақтылы шығаруға және шаруашылықтардың шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.
«Кең Дала» жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы да маңызды рөл атқаруда. Қолжетімді несиелік ресурстардың арқасында фермерлер тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және қажетті материалдық-техникалық ресурстарды алдын ала сатып алды.
Бұдан бөлек, машина-трактор паркін жаңарту және заманауи агротехнологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда, бұл егіс науқанын сапалы әрі оңтайлы мерзімде жүргізуге жағдай жасайды.
Бүгінгі таңда аграрийлердің үйлесімді жұмысы мен мемлекеттің жүйелі қолдауы лайықты өнім алудың берік негізін қалайтынын сеніммен айтуға болады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы көктемгі егіс науқаны ұйымдасқан түрде және жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Өңір аграрийлері өткен жылғы көрсеткіштерден айтарлықтай озып, алғашқы миллион гектарды сеуіп үлгерді.
Бүгінде облыс шаруашылықтары оңтайлы агротехникалық мерзімдерді тиімді пайдалану үшін техника мен адам ресурстарын барынша жұмылдырды. Бұған көктемгі дала жұмыстары кезеңінде ерекше маңызды болып табылатын мемлекеттің уақтылы қолдауы көп септігін тигізуде.
Сәтті бастаманың негізгі факторларының бірі аграрийлерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету болды. Өңір үшін литріне 281 теңге жеңілдікті бағамен 59 мың тонна жанар-жағармай бөлінді, бұл техниканы егістікке уақтылы шығаруға және шаруашылықтардың шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.
«Кең Дала» жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы да маңызды рөл атқаруда. Қолжетімді несиелік ресурстардың арқасында фермерлер тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және қажетті материалдық-техникалық ресурстарды алдын ала сатып алды.
Бұдан бөлек, машина-трактор паркін жаңарту және заманауи агротехнологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда, бұл егіс науқанын сапалы әрі оңтайлы мерзімде жүргізуге жағдай жасайды.
Бүгінгі таңда аграрийлердің үйлесімді жұмысы мен мемлекеттің жүйелі қолдауы лайықты өнім алудың берік негізін қалайтынын сеніммен айтуға болады.
Петропавл қаласы 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына арналған ауқымды семинар-кеңес өткізу алаңына айналды. Іс-шара Мемлекет басшысының бастамалары мен жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті салаға айналдыру жөніндегі тапсырмасын атап өтіп, заманауи агротехнологияларды енгізу мен өндіріс тиімділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің ең ірі аграрлық өңірлерінің бірі болып табылады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1,1 триллион теңгеден асып, саладағы тұрақты өсімді көрсетті.
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов семинар барысында мемлекеттік қолдау мен ғылымның арқасында облыстың аграрлық секторда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын атап өтті. Мәселен, өткен жылы өңір диқандары 6,6 миллион тонна астық және 1,3 миллион тонна майлы дақыл жинады.
Ағымдағы жылы егіс науқанын 4,3 миллион гектардан астам алқапта жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде 1 миллион гектарға майлы дақылдар егілсе, 13,3 мың гектарда ылғал сақтау технологиялары қолданылатын болады. Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін машина-трактор паркін жаңартуға ерекше назар аударылуда.
Кеңес барысында облыс аудандары өз техникаларын таныстырды. Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының арқасында өңір алқаптарында жасанды интеллект элементтері енгізілген, өндіріс шығындарын азайтып, дәлдікті арттыратын заманауи кешендер жұмыс істейтін болады.
Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі іс жүзінде де дәлелденді: шаруаларға жаңа техникалардың кілттері табысталды. «ҚазАгроФинанс» АҚ қолдауымен «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы аясында жеті кәсіпорын басшысына заманауи кешендер берілді. Бұл техникалар жақын күндері егіс алқаптарына шығарылады.
2026 жылғы 2 сәуір орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице - министрі Аманғали Бердалин Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде – «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған қабылданған шаралар» талқыланады.
Кездесу сағат 15:00-да Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 25, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғимаратында өтеді.
Кездесуге БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін тел.: +7 (7172) 555-765 – Асия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК-ін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялау қағидаларының 17-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап «қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» бағдарламасы бойынша ГАЖ веб-порталы (субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі) арқылы өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың бастауымен Эстония мен Финляндияға жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамына басқа облыстар әкімдерінің орынбасарлары, отандық аграрлық бизнес пен экспортқа бағытталған компаниялардың өкілдері де кірді.
Сапарлар Мемлекет басшысының сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және озық агротехнологияларды тарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Эстонияда басты мәселе қазақстандық өнімдерді Солтүстік Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка нарықтарына шығару үшін Таллинн, Силламяэ және Мууга порттық инфрақұрылымын пайдалану болды. Ермек Кенжеханұлы Мууга порты Қазақстан үшін стратегиялық буын екенін атап өтті. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Балтық елдерінің порттары арқылы астық экспорты 2025 жылы алты еседен астам өсіп, 802 мың тоннаға жетті. Логистикадан бөлек, тараптар мал шаруашылығындағы ынтымақтастықты, соның ішінде генетика мен селекция саласында тәжірибе алмасуды, сондай-ақ асыл тұқымды мал импортын талқылады.
Финляндияда негізгі назар технологиялық жаңғыртуға және ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытуға аударылды. Сапар барысында Валтра компаниясының басшылығымен Қазақстанда тракторлар өндірісін оқшаулау мәселесі талқыланып, Агроник, Пел-Туоте, Сампо-Розенлев және Суоконе компанияларымен келіссөздер жүргізілді. Мемлекеттік деңгейде Финляндияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің тұрақты хатшысы Пекка Песоненмен сауданы дамыту және технологиялармен алмасу үшін бірлескен жұмыс тобын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Вице-министр ведомствоның Қазақстан аумағында агроөнімдерді қайта өңдеу және сақтау саласындағы финдік жобаларды қолдауға дайын екенін растады.
Екі сапар да Қазақстанның экспорттық бағыттарын әртараптандыру үшін Балтық бағытының маңыздылығын дәлелдеді. Эстонияның логистикалық мүмкіндіктері мен Финляндияның технологиялық әлеуетін біріктіру отандық агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін берік негіз қалайды.