«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларының 3-тармағына сәйкес 2024 жылғы 1-30 желтоқсанды қоса алғанда, gosagro.kz порталында 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына дизель отынына қажеттілікке өтінімдер қабылдау жүзеге асырылатынын хабарлайды.