Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiдiгi» КММ 25 жыл мерзiмге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс жер комиссиясымен Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекiтiлген, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру мен өткiзу қағидаларына сәйкес өткiзiледi.

Хабарламаның (хабарлама) бiрiншi жариялымынан күнтiзбелiк отыз күн кезеңi бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталады, мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесi, 13, 1-қабат, «Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының жер қатынастар бөлiмi» ММ. Өтiнiмдердi қабылдау күнiнен бастап 15 жұмыс күн iшiнде осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылданады. 2020 жылдың 26 тамыздан бастап 2020 жылдың 16 қыркүйектi қоса алғанда өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелердi шығарған күн конкурстың соңғы күнi болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi конкурстың нәтижесi шығарылады.

Конкурстың өтетiн күнi, уақыты және орны: 2020 жылдың 17 қыркүйек айында, сағат 9:30-да, Солтүстiк Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесi, 15, 2-қабат, отырыс залы мекен-жайы бойынша Ақжар ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында конкурстың нәтижелерi шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм мiндеттi түрде тiркеу нөмiрi берiлiп және өтiнiм берушiге хабарлама берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткiзгiште немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;
  2. жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;
  3. өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Жер комиссиясы барлық өтiнiмдердi олардың сәйкестiгi, толықтығы, есептемелердегi қателiктердiң, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейдi, сондай-ақ, жалпы рәсiмдеудiң дұрыстығын тексередi, конкурстық ұсыныста көрсетiлген бизнес-жоспар, оның iшiнде, инвестициялардың болжамды көлемi бойынша балл беру жолымен өтiнiмдердi бағалайды, салыстырады.

Балдар мiндеттемелердiң мынадай өлшемшарттары бойынша берiледi:

бiр гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемi туралы, мың тенге:

1) суарылмайтын егiстiкке:

50-ге дейiн — 1 балл;

50-ден 70-ке дейiн — 5 балл;

70-тен 90-ға дейiн — 10 балл;

90-нан 110-ға дейiн — 15 балл;

110-нан жоғары — 20 балл;

2) суарылатын егiстiкке (суарылатын жерлер):

200-ге дейiн — 1 балл;

200-ден 300-ге дейiн — 5 балл;

300- ден 400-ге дейiн — 10 балл;

400-ден 500-ге дейiн — 15 балл;

500-ден жоғары — 20 балл;

3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:

5-ке дейiн — 1 балл;

5-тен 10-ға дейiн — 5 балл;

10-нан 20-ға дейiн — 10 балл;

20-дан 30-ға дейiн — 15 балл;

30-дан жоғары — 20 балл.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшысының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Өтiнiмде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателердi түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кiрiстiрмелер, өшiрулер немесе қосып жазулар болмауы тиiс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс» және «2020 жылғы «17» қыркүйекке дейiн ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

Жер кодексiнiң 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнен бас тартылады.

Конкурсқа шығарылған әрбiр жер учаскесi бойынша конкурсқа қатысуға екiден аз өтiнiм келiп түскен және конкурсқа шығарылған әрбiр жер учаскесi бойынша конкурске қатысуға екiден аз қатысушы жiберiлген жағдайларда өткiзiлмедi деп танылады.

Жер комиссиясының отырысы Жер кодексiнiң 43 бабының 2 тармағына сәйкес аудио-, бейнежазба құралдарының көмегiмен мiндеттi түрде тiркеледi. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тiркеудi аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Ақжар ауданы әкiмiнiң azh.sko.gov.kz «СҚО Ақжар ауданының жер қатынастар бөлiмi» ММ ozo-azh.sko.gov.kz сайтында немесе 8(715)46-21-3-44; 8(715)46-79-0-60 тел. бойынша алуға болады. 

Конкурсқа қойылатын жер учаскелерiнiң тiзiмi