
24 қазанда СҚО-да барлық аудандар мен Петропавл қаласының қатысуымен күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке М.Жұмабаев көшесімен (Интернациональная көшесінен Пионерская көшесіне дейін) және Ғарышкерлер көшесі 79/1 (жұмысшы кенті) өтеді.
Іс-шараны өткізу уақыты-сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін
Жәрмеңкеге облыстың және Петропавл қаласының барлық аудандары, 100-ден астам кәсіпорын қатысады.
Жалпы жәрмеңкеде:
* Ауыл шаруашылығы өнімдері;
* Ауыл жануарларына арналған жем;
* Өңдеу кәсіпорындарының өнімдері;
* Бал және Ара шаруашылығы өнімдері;
* Балық өнімдері;
Өнімнің бағасы нарықтық бағадан 15-20% төмен.
1207 тонна көлемінде 100-ден астам азық-түлік өнімдерін сату жоспарлануда.