
2024 жылдың 19-20 қазан күндері Астана қаласы, Қарқаралы тас жолы 1 мекенжайы бойынша «Қазанат» ипподромында, Солтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.
Жәрмеңкеге 13 аудан мен Петропавл қаласынан 110-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.
Жәрмеңкеде Астана қаласының тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:
• Еттің барлық түрі - 112,8 тонна;
• Картоп және көкөністер - 485 тонна;
• Сүт өнімдері - 31 тонна;
• Тауық жұмыртқасы - 120 мың дана;
• Бал - 9,7 тонна;
• Шұжық өнімдері - 7 тонна;
• Ұн және макарон өнімдері - 71 тонна;
• Басқа өнімдер - 12 тонна.
Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Астана қаласы базарларының бағасынан 15-20% төмен болады. Апарылатын өнімнің жалпы көлемі 735 тоннадан астам.
Облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарының төмендегі өнім түрлері ұсынылады:
- «Зенченко и К» КТ, «Масло-Дел Петропавловск» ЖШС, «Саумалколь SUT» ЖШС, «Лера NORD» ЖШС, «Ростан» ЖШС, «Пальчик» ЖК және т.б. - сүт өнімдері;
- «Шатило и К» ЖШС, «Полудинское» ЖШС, «Ахметбек» ШҚ, «Beybaris» ЖШС, «Алтын Астык KZ» ЖШС «Амиржанов» ШҚ, «Свистунова А.А.» ЖК, және т.б. – ет өнімдері,
- «Аркалык» ШҚ, «Рамазан» ШҚ - қымыз сүті,
- «Султан ЭММК» ЖШС, «Hikmet LTD» ЖШС, «Agrimer Mamlutka» ЖШС, «Егин» ЖШС, «КМК» ЖШС және т.б. - ұн, макарон өнімдері,
- «КазМясоПродукт» ЖШС, «ЕМС Агро» ЖШС, «Загот Интер» ЖШС және т.б. - ет консервасы және шұжық өнімдері,
- «Атамекен-Агро-Есиль» ЖШС, «Елим Кызылжар» ЖШС, «Агрос» ШҚ, «ES Global agro» ЖШС, «Астык-Stem» ЖШС және т.б. - картоп және көкөніс өнімдері.
Өткізіліп жатырған жәрменкеге, Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз.