
Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде 3211,8 мың га немесе 96,9% дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. 18,1 ц/га өнімділікте 5813,6 мың тонна бастырылды. Қазірдің таңда 304,2 мың га алқапта немесе 45,1% жиналды, 11,5 ц/га өнімділікте 348,9 мың тонна бастырылды.Аймақтың барлық фермерлері 4,4 млн. га алқапта егін жинауы керек. Оның 3,3 млн. га - дәнді және бұршақты дақылдар.
Облыс бойынша астықты сақтау бойынша қызмет көрсететін жалпы сыйымдылығы 3,2 млн.тоннаны құрайтын 46 элеватор бар. Сонымен қатар, агроқұрылымдарда 3,7 мың тоннаға арналған сыйымдылық бар. Облыс бойынша жалпы сыйымдылығы 6,9 мың тоннаны құрайды. Ағымдағы жүктеме 51 % құрайды. Астық қабылдау кәсіпорындарына 1152,2 мың тонна астық жинаудан түсті, оның ішінде бидай 855 мың тоннаны құрайды, оның ішінде жұмсақ 809 мың тонна, оның ішінде 3 класс - 331,5 мың тонна (41%), 4 класс – 377,3 мың тонна (46,6%).