"Кедр" ш/қ 200 бас ІҚМ СТФ қайта құру және кеңейту аяқталды

"Кедр" ш/қ 200 бас ІҚМ СТФ қайта құру және кеңейту аяқталды

Аққайың ауданында сүт өндірісі саласындағы тағы бір жоба іске асырылды. 2023 жылы Власовка ауылында "Кедр" ш/қ мал шаруашылығы орындары қайта жаңартылды. 2024 жылдың көктемінде Германиядан "Симентальская" тұқымды 186 бас ірі қара әкелінді.  Мал сатып алу үшін шаруа қожалығы өз қаражатының бір бөлігін салды, сонымен қатар мемлекеттің қолдауын да пайдаланды. 

Мейрам Меңдібаев, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

"Соңғы алты жылда СТФ құрылысына байланысты сүт өндірісі 18 пайызға өсті. Біздің шаруашылықтар малды Қазақстан аумағынан да, алыс шетелден де алып келеді. Бұл– Еуропа тарапынан Германия, Чехия, Дания. Қызыл дат тұқымдары, симменталдар, голштинофриздер".