Солтүстік Қазақстан аграршылары егін жинауда

Солтүстік Қазақстан аграршылары егін жинауда

Өңірдің аграршылары 4,4 млн. га алқапта егін жинауы тиіс. Оның ішінде 3,3 млн. га - дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Бүгінгі таңда 94,8 мың га алқапта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, 16,4 ц/га өнімділікте 155,2 мың тонна бастырылды.

Мейрам Меңдібаев, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы

"Барлық астық қоймалары жаңа нан қабылдауға 100% дайын. Бұл 46 элеватор. Сыйымдылығы 3,2 миллион тонна. Сондай-ақ, аграршыларда сыйымдылығы 3,7 млн тонна болатын 332 астық қабылдау пункті бар. Барлығы тиісті дайындық жұмыстарын жүргізді. Жалпы, облыс бойынша сыйымдылық қуаттылығы, соның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдары қосқанда , шамамен жеті миллион тоннаны құрайды, бұл жаңа егіннің астығын сақтауға жеткілікті. Сондай-ақ, егін жинау науқанына шамамен 7,4 мың бірлік техника қатысатын болады. Аграршылар литріне 250 теңгеден арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді".