"Гердт В. В."ш/қ 400 бас ІҚМ СТФ кеңейту

"Гердт В. В."ш/қ 400 бас ІҚМ СТФ кеңейту

Аққайың ауданы Власовка ауылында "Гердт" ШҚ 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жобасы іске асырылды. 2022 жылы сиыр қорасы мен сауу залы салынды, 2024 жылдың наурыз айында Чехиядан қосымша 192 бас жас мал әкелінді. Шаруашылық "Солтүстік" ӘКК қолдауын пайдаланды. В. Гердт ӘКК арқылы СТФ құрылыс жобаларын қаржыландыру ыңғайлы және тиімді екенін атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысының "Солтүстік" ӘКК арқылы агрожобаларды жеңілдікпен кредиттеу бойынша тәжірибесі қазір бүкіл ел бойынша таралуда.

Владимир Гердт, "Гердт В. В." ШҚ директоры, Власовка ауылы, Аққайың ауданы:

"Мұның бәрі ауыл шаруашылығы министрлігінің, ӘКК-нің қолдауының арқасында. Олар бізге бірінші траншты 192 бас сатып алуға бөлді, биыл екінші траншты тағы 192 бас әкелді. Яғни, біз қазір толықтай қамтамасыз етілдік.  Біз "Eurasian milk"-ке сүт өткіземіз. Біз олармен 7 жыл жұмыс істеп келеміз. Ешқандай проблема кедергі  жоқ. Біз жем-шөпті өзіміз дайындаймыз".