
СҚО-на Ұлытау облысынан екі күндік сапармен делегация келді. Ол Тайынша, Аққайың және Қызылжар аудандарында, сондай-ақ Петропавл қаласында болды. Оларға өңірдегі "BioOperations" ЖШС астықты терең өңдеу зауыты, "Северный бройлер "құс фабрикасы" ЖШС, "Радуга" ЖШС, "Масло-дел" ЖШС, "КТ и Зенченко и К" сүт зауыты, бірнеше МТФ, сондай-ақ шаруашылықтар сияқты кәсіпорындардың жұмысы көрсетілді. СҚО-дағы екінші күнінде олар тағы да бірқатар әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарға барып, кеңеске қатысады.