
Солтүстік Қазақстан облысындағы жайылымдық жерлердің жалпы көлемі 3231 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілген 1954 мың гектар (бұл ауыл шаруашылығы жерлерінің санаты), сондай-ақ халықтың жеке қосалқы шаруашылығында мал жаюға 820,4 мың га жер бар (бұл елді мекендердегі жер санаты).
Тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығын мал жайылымымен қамтамасыз ету үшін 171,7 мың гектар жер бөлінді. Бұл жұмыс жалғасуда.