Айыртау ауданы, Арықбалық ауылында тәулігіне 60 бас ірі қара мал союға арналған цех іске қосылды. «Meat ecology products» ЖШС директоры бизнес-жобаға аудан тұрғындары мен мемлекеттік органдар тарапынан қолдау көрсетілгенін атап өтті. Жобаның құны шамамен 100 миллион теңгені құрады.Өнімділігі тәулігіне 3 тоннаға дейін салқындататын салқындатқыш үлгідегі жабдық, сондай-ақ өнімділігі тәулігіне 3 тоннаға дейін салқындататын тез салқындатқыш қондырғылары сатып алынды. Тоңазытқыш жабдықтары Германияда өндірілген. Процесс үш кезеңде өтеді: ірі қара малды сою, ұшаны кесу, ұшаны мұздату. Кәсіпкер, солтүстікқазақстандық фермерлерінің етіне сұраныс жоғары болғандықтан, ет елордаға сатылатынын айтады.
Ерболат Бекшенов, Айыртау ауданының әкімі:
«Цех барлық талаптарға сай ашылды, барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Мал жинау алаңы, сою алаңы, өнімді сақтайтын мұздатқыштар дайындалды. Бауыржан Құрманбайұлы Баймурзин үй-жайды тез арада жөндеп, оның ішінде мал сою пунктін ашты. "Meat ecology products" цехында алты адам жұмыс істейді. Бұл бизнес түрі өте табысты және болашағы зор. Елбасы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығын қарқынды дамытып, оны ел экономикасының драйверіне айналдыру қажеттігін айтты. Бүгінгі мал сою цехы – осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтижесі. Осындай ауқымды кәсіпорынның жұмысына сәттілік тілеймін».