Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау жөніндегі комиссияның отырысы

Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау жөніндегі комиссияның отырысы

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында басқарма басшысы Мейрам Меңдібаевтың төрағалығымен, СҚО бойынша 2024 жылғы күзгі — дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы құрылымдарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау жөніндегі комиссияның  отырысы өтті. Отырысқа аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің өкілі, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілі, "СҚО ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" ҚБ төрағасы, СҚО прокурорының көмекшісі қатысты. Gosagro.kz порталы арқылы берілген өтінімдерге сәйкес  СҚО бойынша 2024 жылғы егін жинау және жемшөп дайындау жұмыстарына қажеттілік 55,1 мың тонна дизель отынын құрайды. Әлеуетті операторлардан өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 1-5 шілдесі аралығында жарияланды. Комиссияның қарауына 12 өтінім келіп түсті.