Қытай ет қауымдастығының делегациясы СҚО-да болды

Қытай ет қауымдастығының делегациясы СҚО-да болды

Қытай ет қауымдастығының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы «EMC Agro» өнеркәсіп кешенінде болды. Кәсіпорынның жұмысымен танысқаннан соң, тараптар ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қытай ет қауымдастығы жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.Қонақтарға мал союдан бастап одан әрі ішкі нарыққа шығару үшін өлшеп-орауға дейінгі барлық өңдеу циклі көрсетілді. Бүкіл процесс автоматтандырылған және халықаралық санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкес келеді.

Қытай ет қауымдастығының сиыр етін импорттаушылар және экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн:

«Қазақстан - мүмкіндіктерге толы ел. Бүгінде Қытай ет қауымдастығына кіретін компаниялардың бірі жергілікті кәсіпорыннан шошқа етін сатып алуды жоспарлап отыр. Әңгіме жылына 20 мың тонна туралы болып отыр. Бірақ біз қой мен сиыр етіне де мүдделіміз. Сондай-ақ қазақстандықтарға мал шаруашылығын дамытуда және ірі және ұсақ мал етін Қытайға экспорттауда көмек көрсету үшін өз тәжірибелерімен бөлісуге дайынбыз». 

«EMC Аgro» – Қазақстандағы ірі ет өңдейтін кәсіпорындардың бірі. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.