
Құрметті журналистер мен БАҚ қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі таңда БАҚ азаматтық қоғамның ажырамас бөлігіне айналды, олар билік пен халық арасындағы дәнекер қызметін атқарып қана қоймай, еліміздің барлық жетістіктері мен табыстарын баяндайды. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі ретінде жиі қызықты әңгімелер мен мақалалардың тақырыбына айналады.Жаңа нысандардың ашылуы, озық технологиялардың енгізілуі, егіс, егін жинау науқанының жүргізілуі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі – осы және басқа да көптеген жайттарды журналистер өз мақалаларында көрсетеді.
Жанқиярлық еңбегіңіз, жоғары кәсібилігіңіз және мамандығыңызға берілгендігіңіз үшін рахмет. БАҚ бізге тек жақсы жаңалықтар әкелсін! Сізге шығармашылық шабыт және одан әрі табыс тілеймін! Мейрамыңмен!
СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы
Мейрам Меңдібаев