
Құрметті Мемлекеттік қызмет ардагерлері! Құрметті әріптестер!
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесімен! Мемлекет басшысы біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттары адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуы тиіс екенін, ал мемлекеттік қызметкерлер қызметінің басты мақсаты азаматтардың әл-ауқаты болып табылатынын бірнеше рет атап өтті.
Біздің күш-жігеріміз алдағы уақытта да елді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталсын. Сіздерге табыс, отбасыларыңызға амандық, денсаулық, бақыт және еліміздің гүлденуі жолында бейбіт өмір тілеймін!
СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы
Мейрам Меңдібаев