Басқарма «Мемлекеттік қызметтегі таланттар» байқауына қатысты

Басқарма «Мемлекеттік қызметтегі таланттар» байқауына қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісі күні қарсаңында СҚО-да «Мемлекеттік қызметтегі таланттар» байқауы өткізілді. Ұйымдастырушы - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті. СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы атынан  «Мемлекеттік қызметтегі таланттар» байқауына 2 қызметкер - Жаслан Сәбит және Әсем Нұғыманова қатысты. Олар «Спортта, өнерде, ғылыми жобаларда және т.б. жетістіктерге жеткен, сондай-ақ әуестігі бар мемлекеттік қызметшілер» номинациясы үшін бейнероликтер дайындады.

«Мемлекеттік қызметтегі таланттар» байқауының нәтижесі бойынша СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы Әсем Нұғыманова 2 орын алды. Оны Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Дулат Тайшабай салтанатты түрде дипломмен марапаттады. СҚО АШжЖҚБ жерге орналастыру және жерді пайдалануды болжау бөлімінің басшысы Жаслан Сәбит «Шығармашылық шабыт» аталымында жеңіске жеткені үшін алғыс хат алды.

 
 
 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы (@ush_sko)