
Солтүстік Қазақстан облысының сүт өнеркәсібі белсенді дамып келеді және халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Облыс республикалық сүт көлемінің 10 пайыздан астамын өндіреді. Облыста барлығы 100-ден астам сүт-тауарлы фермасы бар. Өткен жылы жалпы мал басы 4,4 мың бас, өндірістік қуаттылығы 22,0 мың тонна болатын 6 СТФ енгізілді.
Соңғы 6 жылда облыста жалпы саны 16370 бас сиыр, 81,8 мың тонна сүт өндіретін 32 сүт-тауарлы фермасы іске қосылды. 1000-нан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, жобаларды жүзеге асыруға 39,5 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды.
2023 жылы Республика көлемінде Солтүстік Қазақстан облысының жобаларды қаржыландыру тәжірибесі кеңейтілді. Қаражат бөлініп, 19 сүт- тауарлы фермасының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы жалпы саны 7500 бас, сүт өндіру қуаты 37,5 мың тонна болатын 8 СТФ пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жобаларды іске асыру нәтижесінде соңғы 5 жылда ұйымдасқан шаруашылықтарда сүт өндіру 48,5%-ға немесе 86,3 мың тоннаға (178-ден 264,3 мың тоннаға), ал жалпы облыс бойынша сүт өндіру 20,6%-ға өсті. немесе 114,5 мың тоннаға (555-тен 669,5 мың тоннаға)