СҚО-да егіс жұмыстары аяқталды

СҚО-да егіс жұмыстары аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны аяқталды. Диқандар 4,5 миллион гектар алқапқа егін сепкен. Оның ішінде: дәнді дақылдар – 3,4 млн га, майлы дақылдар – 751 мың га, мал азығы – 379 мың га, картоп – 26 мың га, көкөніс – 5,0 мың га. 
 

Егіс науқанына 12,7 мың бірлік түрлі модификациядағы тракторлар, 14 мың дана дән сепкіштер, 1,5 мың заманауи жоғары өнімді егіс кешені жұмылдырылды. Шаруаларға литрі 250 теңгеден арзандатылған жанар-жағармай берілді. 

Қазір топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу жұмыстары жалғасуда. 3 миллион гектар алқапқа 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарлануда.

 

Биылғы жылы мемлекет ауыл шаруашылығын дамытуға 60 млрд теңге бөлді.