Фермерлердің біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

Фермерлердің біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

Облыста фермерлердің біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті і. Бұл жолы шаруалар ресейлік сарапшы Павел Носаленкомен кездесіп, білікті маманның кеңесін алды. Жиналғандар сүтті мал шаруашылығын дамыту және сүт өндірісін көбейту мәселесін талқылады. Семинарға барлығы 40-қа жуық адам қатысты. Жиынға қатысуға Қостанай және Ақмола облысының фермерлері де қызығушылық танытқан.

ПАВЕЛ НОСАЛЕНКО, САРАПШЫ, РФ:

- Бүгін бір ірі қарадан қалай 40 литрден көп сүт алуға болатыны туралы айтамын. Сондай-ақ, оларды дұрыс бағу, баптау мәселелері де сөз болады. Себебі, әр түрлі тұқымды сиырларға түрлі күтім керек. Жалпы, Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Мұнда барлығы керемет екен, ұнады. Алдағы уақытта серіктестігіміз одан әрі нығая түседі деген ойдамын.