Мал шаруашылығы саласының қызметкері күні құтты болсын!

Мал шаруашылығы саласының қызметкері күні құтты болсын!

Құрметті мал шаруашылық саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!  Мал шаруашылығы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысында бұл сала қарқынды дамып келеді! Сүт саласы үлкен дамуға ие болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің өңірдің ӘКК арқылы жеңілдетілген несиелендірудегі оң тәжірибесін бірнеше рет атап өтті. 2023 жылы Республика көлемінде Солтүстік Қазақстан облысында жобаларды қаржыландыру тәжірибесі кеңейтілді. Нысандардың құрылысына қаржы бөлінді.  Жаңа жобаларды іске асыру елдің ішкі нарығын толтыру және ауылдық жерлерде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіруді қамтамасыз етеді.

Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 52 мың бас малы бар 106 МТФ, оның ішінде 38 заманауи сүт кешені бар.  Жобаларды іске асыру нәтижесінде соңғы 5 жылда ұйымдасқан шаруашылықтарда сүт өндіру 48,5%-ға немесе 86,3 мың тоннаға (178-ден 264,3 мың тоннаға), ал жалпы облыс бойынша сүт өндіру 20,6%-ға өсті, немесе 114,5 мың тоннаны құрады.

Өткен жылы мал шаруашылығы өнімі: - ет (тірі салмақта) – 112,1 мың тонна немесе 101,2%, сүт – 669,5 мың тонна немесе 103,3%, жұмыртқа – 680,0 млн дана немесе 96,3% құрады.

Құрметті мал шаруашылығы саласының қызметкерлері! Сіздің күнделікті қажырлы еңбегіңіз жерлестеріңіздің ерекше құрметіне лайық.

Барлық қызметкерлерге, өндіріс озаттарына, мал шаруашылығы саласының ардагерлеріне еңбектеріне адалдық танытып, лайықты нәтижелері үшін алғыс айтамын. Сіздердің еңбекқорлығыңыз бен кәсіби шеберлігіңіздің арқасында экономикалық әл-ауқат жасалуда. Сіздерге Зор денсаулық, табыс және өркендеу тілеймін!

М.Меңдібаев, Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы