
Солтүстік Қазақстан облысында дақылдарды түрлі арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Биылғы жылы арамшөптерге қарсы 3,2 млн га, зиянкестерге қарсы 211,4 мың га және ауруларға қарсы 599,2 мың га аумақта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Облыста 2024 жылға арналған пестицидтерді субсидиялау бағдарламасы аясында егіс алқаптарын арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуге 11,3 млрд теңге бөлінді.