
Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 3,5 млн.га. алқабында ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп үлгерді, соның ішінде – 2,7 млн. га дәнді дақылдар және 582,8 мың га майлы дақылдар. Ылғалды жабу 4,5 млн. га алаңда аяқталды, 1,2 млн. га алаңда 88,3 мың тонна минералды тыңайтқыштар топыраққа енгізілді. Барлығы 3 млн. га алқабында 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарлануда.
Түрлі үлгідегі 12,7 мың бірлік трактор, 14 мың бірлік дән сепкіштер, 1,5 мың заманауи өнімділігі жоғары егіс кешендері тартылатын болады. Облыс аумағында 219 машина-трактор шеберханасы бар, барлығы штаттық режимде жұмыс істеуде. Аграршылар литріне 250 теңгеден арзандатылған ЖЖМ қамтамасыз етілді.
Осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістері 4,5 млн. га құрайды, оның ішінде: дәнді дақылдар – 3,4 млн. га, майлы дақылдар – 751 мың га, жемшөп - 379 мың га, картоп – 26 мың га, көкөністер – 5,0 мың га.
2024 жылғы егіске 484,5 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар тұқымы себілді немесе қажеттіліктің 102%. Осы жылы сортты жаңарту көрсеткішін 10% - ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау 2024 жылға 60,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға – 20,4 млрд.теңге.