
Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең ірі сүт фермасының құрылысы басталды. Тауарлы сүт фермасы 7 кешеннен тұрады, тек біреуінде 1,3 мың басқа дейін болады. «Карусель» сауу қондырғысының қуаты сағатына 700 мал басын құрайды. Тауарлы сүт фермасы 8 мың басқа есептелген. Жаңа нысанның құрылысымен «Зенченко және К» КС айналысады.