
СҚО фермерлердің біліктілігін арттыру бойынша екі күндік ғылыми-практикалық семинар өтті. Бірінші күні мамандар Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жаңа білім алды. Қатысушылар ірі қара малды қолдан ұрықтандырудың заманауи технологияларымен танысты.
АЛТЫНБЕК АБДОЛЛАЕВ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС БАСШЫСЫ:
- Біздің семинарларымыздың мақсаты-жергілікті фермерлердің біліктілігін арттыру. Олар үшін біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен және басқа елдерден ең озық және тәжірибелі мамандарды шақырамыз. Бүгін олар шетелде қолданылатын соңғы әзірлемелер туралы және оларды бізде қалай бейімдеу керектігі туралы айтты.
Семинардың екінші күні мамандар Мамлют ауданының «Мамбетов және К» КС көшпелі практикалық сабаққа барды. Сүт шаруашылығы саласындағы білімдерін өңір мамандарымен Қазақстан, Ресей және Америка сарапшылары бөлісті.
ТОМАС МЮЛЛЕР, «WORLD WIDE SIRES» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЫ:
- Осындай семинарға қатысқаныма өте қуаныштымын. Мен көп саяхаттаймын және Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын. Менің ойымша, Қазақстанда сүт саласында өсіп-жетілуге мүмкіндік бар. Бүгінгі семинарда мен өз тәжірибеммен бөлістім және отбасылық фермамда сүтті өндіру және ірі қара мал басын көбейту туралы айттым.