Тұқым өсіру шаруашылықтарын аттестаттаудан өткізу туралы

Тұқым өсіру шаруашылықтарын аттестаттаудан өткізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы тұқым өсіру шаруашылықтарын аттестаттаудан өткізу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты тұқым өсіру шаруашылықтарына бірегей және элиталық тұқымдарды, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдарды өндіруге және сатуға мүмкіндік беру болып табылады. Тексеру жүргізу үшін Комиссияның шығуы жүзеге асырылады, ол Басқарманың қызметкерлерінен тұрады.

Осы жылдың басынан бері Басқармамен тұқым өсіру шаруашылықтарын аттестаттау туралы куәлік беру жөнінде 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: жер-жерге барып 12 қызмет көрсетілді, ал 13 қызмет жер-жерге бармай, жаңа сорттарды қосуға байланысты. Осылайша, тұқым шаруашылығы шаруашылықтарын аттестаттаудан 12 шаруашылық өтті.

Өткен жылы тұқым өсіру шаруашылықтарын аттестаттау туралы куәлік беру бойынша 30 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:  жер-жерге барып 18 қызмет көрсетілді, ал 12 қызмет жер-жерге бармай, жаңа сорттарды қосуға байланысты. Осылайша, 18 шаруашылық тұқым өсіру шаруашылығын аттестаттаудан өтті.

Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.