СҚО суармалы жер көлемі өсуде

СҚО суармалы жер көлемі өсуде

2024 жылы су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суарудың жоспарланып отырған алаңы 9,4 мың гектарды құрайды, оның ішінде жаңбырлату алаңы 8,2 мың гектарды және тамшылатып суару алаңы 1,2 мың гектарды құрайды. Дәнді, картоп, көкөністер және жемшөп дақылдар - негізгі өсірілетін дақылдар болып табылады.

2024 жылы енгізілген инвестициялық жобалар бойынша суарудың жоспарланған алаңы 4,6 мың га құрайды. "Константиновка" ЖШС, "Явленское МТС" ЖШС, "Зенченко және К" КС, "Сервис Жарс" ЖШС, "АЗКО" ЖШС, "Asyl Farms" ЖШС сияқты шаруашылықтар жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Облыс бойынша барлығы 73 – тен астам жаңбырлатқыш машина бар, оның ішінде 2023 жылы 20 бірлік, тамшылатып суару арқылы 12 бірлік сатып алынды. Заманауи жаңбырлатқыш машиналарда автоматты түрдегі жүру және суару датчиктері бар.

Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлерді ұлғайту жұмыстары жалғасуда.