Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өткізілді

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өткізілді

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу мәселелері және оларды аудандардың жергілікті атқарушы органдарының іске асыру тәртібі,  сондай-ақ жер қатынастары және оларды шешу жолдары саласындағы проблемалық мәселелер бойынша кеңейтілген отырыс өткізілді. Жайылымдарды пайдаланудың өзекті мәселелері, жемшөп дайындаудың өзекті мәселелері қаралды. Талқылау жергілікті атқарушы органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының,     СҚО бойынша МКД, СҚО бойынша «ҚР АШМ ЖРБК Гипрозем» ШЖҚ РМК, СҚО бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ қатысуымен өтті. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілген болатын.