
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезеңінде Қызылжар ауданының аумағында 27 бас ауыл шаруашылығы жануарларының қырылғаны тіркелді, оның ішінде ІҚМ – 2 бас, ұсақ мүйізді мал – 7 бас, жылқы – 2 бас, шошқа – 16 бас, барлық қырылған жануарларды кәдеге жарату жүргізілді.
Қызылжар ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қырылған ауыл шаруашылығы жануарларына келтірілген залалды өтеу туралы өтініштерді қабылдауды жалғастыруда.
Осы жылдың 6 мамырында Қызылжар ауданы әкімінің 2024 жылғы 08.04. № 05 шешімімен бекітілген «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиямен» АШБ базасында тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының 3 мал басы үшін жалпы сомасы 510 мың теңгеге бюджет қаражаты есебінен төлем мақұлданды, оның ішінде 2 бас ІҚМ, 1 бас ұсақ мүйізді мал. Қаражат толығымен төленді.
Бюджеттен тыс қаражат есебінен «Асар» қоры арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының 24 мал басы үшін 6 өтініш беруші бойынша төлем жүргізілді, оның ішінде жалпы сомасы 1 млн.642 мың теңгеге 6 бас ұсақ мүйізді мал, 2 бас жылқы және 16 бас шошқа. 100% толығымен төлем жасалды.