СҚО егіс науқаны басталды

СҚО егіс науқаны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны басталды. Ылғалдың жабылуы 4,5 млн. га алаңда аяқталды, 416,8 мың га алаңда 29,4 мың тонна минералды тыңайтқыштар топыраққа енгізілді. Барлығы 3 млн. га алаңда 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарлануда.   

Бірқатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қазірдің өзінде 169,4  мың га ауыл шарушылығы дақылдарын егіп үлгерді. Су тасқыны егін себуді жүргізуге ешқандай әсерін тигізбейді. Техниканың дайындығы 100% құрайды, аграршылар литріне 250 теңгемен арзандатылған жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілді. Дизель отынына қажеттілік - 57,6 мың тонна. Егін себу науқанын жүргізуге түрлі  үлгідегі 12,7 мың бірлік трактор, 14 мың бірлік дән сепкіштер, 1,5 мың заманауи өнімділігі жоғары егін кешендері қатысады деп жоспарлануда. 

Осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі 4,5 млн. га құрайды, соның ішінде: дәнді дақылдар – 3,4 млн. га, майлы дақылдар – 751 мың га, жемшөп - 379 мың га, картоп – 26  мың га, көкөністер  – 5,0 мың га.

2024 жылғы егіске 484,5 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар тұқымы себілді немесе қажеттіліктің 102%.

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау 2024 жылға 60,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға – 20,4 млрд.теңге.