Дақылдарды сақтандыру туралы

Дақылдарды сақтандыру туралы

Сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесіне: дәнді, майлы және жарма дақылдары кіреді. Былтырғы жылдан бері Kezekte.kz. сайтында егінді құрғақшылық пен жауын-шашыннан сақтандыру жөніндегі шарттарды жасасуға өтінімдер қабылдануда. «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ сақтандыру бағдарламасының операторы болып табылады. 

Осы жылы дәнді дақылдар бойынша топырақ ылғалдылығының тапшылығынан  сақтандыруға өтінімдерді қабылдау 31 наурызда, майлы дақылдар бойынша 15 сәуірде аяқталды. Топырақтағы артық ылғалдан сақтандыруға келетін болсақ, шарттарды жасасу 2024 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.

Сақтандыру шарттары туралы толығырақ келесі нөмірлер арқылы білуге болады:

87017951011 - Дүйсембаева Айгүл Жаманбекқызы, АКК өкілі

87018004780 - Зарлык Машур Арсенулы, Kezekte.kz жүйесінің мәселелері бойынша, колл-орталық