СҚО диқаншылары субсидиялаудың аванстық тетігі бойынша минералды тыңайтқыштарды сатып алуға шарт жасасты

СҚО диқаншылары субсидиялаудың аванстық тетігі бойынша минералды тыңайтқыштарды сатып алуға шарт жасасты

АӨК дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған жаңа Ұлттық жобасы шеңберінде фермерлерді отандық өндірістің тыңайтқыштарын сатып алуға аванстық субсидиялаудың жаңа тетіктері енгізілді. Жақында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ фермерлерді субсидиялаудың аванстық тетігі бойынша минералды тыңайтқыштар беру бойынша шарттар жасасу үшін «Қазфосфат» АҚ отандық өндіруші зауыты мен АШТӨ кездесуі өтті. Қазіргі уақытта «ҚазАзот» АҚ және «Қазфосфат» АҚ осы бағыт бойынша жұмыс істеуде. Есептік кездесу үшін жалпы көлемі 15423 тонна аммофосқа 105 шарт жасалды. Барлығы 150-ге жуық АШТӨ қатысты.