Германиядан Қызылжар ауданының ЖШС-не мал әкелінді

Германиядан Қызылжар ауданының ЖШС-не мал әкелінді

Германиядан  Қызылжар ауданының "Молодое-агро" ЖШС-не мал әкелінді. Мал басының бірінші партиясы – голштин-фриз тұқымының 34 басы, қазір карантинде. Архангельск ауылының маңында тауарлы сүт фермасының құрылысы бірнеше жыл бұрын басталды және бірнеше айдан кейін жаңа кәсіпорын іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл оң әлеуметтік-экономикалық әсер береді, деп атап өтті Қызылжар ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары Дәурен Шақанов.

"Голштин-фриз тұқымы өзін өте жақсы көрсетті, мал жақсы сауын сүтін беруде. Инвестициялық жоба аясында әлі де 150-ге жуық мал басы әкелінетін болады. Жаңа тауарлы сүт фермасының қуаты жылына 1200 тоннаны құрайды. Ол 200 мал басына есептелген. Осы жобаны іске қосудың арқасында қосымша 20-ға жуық жұмыс орны құрылады", - деді Дәурен Шақанов.

Бірнеше күнбұрын импортталған мал басы Шал ақын атындағы ауданындағы "Ltd Zha-Group" тауарлы сүт  фермасына әкелінді. Ол жерге Дания Патшалығынан голштин тұқымдас сүт  бағытындағы  136 мал басы әкелінді. Бұл тауарлы сүт фермасын шілде айында ашылады деп жоспарлануда.  

"Солтүстік Қазақстан облысы тауарлы сүт фермаларын салу бойынша көшбасшы болып табылады. 6 жыл ішінде 36 тауарлы сүт фермасы салынды. Осы жылы 8 ферманы іске қосу жоспарлануда. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтуға және халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Айта кету керек, соңғы 3 жылда облыстың сүт өңдейтін кәсіпорындары қуаттылықты 13,8% - ға арттырды (жылына 388,8 мың тоннадан 451,3 мың тоннаға дейін)