Қазақстан халқының бірлігі күнімен

Қазақстан халқының бірлігі күнімен

1 мамырда бүкіл ел маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл мереке 1996 жылдан басталды және жақсы дәстүрге айналды. СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы барлық қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтайды!


«Қазақстан – бұл көпұлтты мемлекет, онда 100 ден астам ұлт өкілдері бір тудың астында тұрады. Біз бәріміз бейбітшілік пен келісімде еліміздің игілігі үшін қол ұстасып еңбек етуді жалғастырамыз. Бұл жолда қандай қиындықтар туындаса да, өзара түсіністік пен өзара сыйластық, достық пен ұлтаралық келісім оларды жеңуге көмектеседі. Бірлескен күш жігермен су тасқынының салдарын жеңе аламыз, халыққа айтарлықтай зиян келтірді. Біз біргеміз! Алдымызда да маңызды кезең – көктемгі дала жұмыстарын жүргізу күтіп тұр. Алға қойған жоспарымыз, мақсатымыз жүзеге ассын! Әрбір қазақстандыққа зор денсаулық, ашық аспан және молшылық тілеймін. Жүректеріңіз жылулық пен қуанышқа, мейірімділік пен өзара түсіністікке толы болсын. Мереке құтты болсын!», - Мейрам Меңдібаев, басқарма басшысы.