
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы М. Ж. Меңдібаевтың төрағалығымен «Жайылымдар туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша кеңес (ZOOM режимінде) өтті.
Бұл кеңеске Солтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, аудандардың жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жер мәселелері жөніндегі басшының орынбасары, бөлім басшылары, мамандары қатысқан болатын.
Кеңес барысында «Жайылымдар туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілетін өзгерістер қаралды, олар жайылымдарды ұтымды пайдалануға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялауға, жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне, қарсы күреске, сондай-ақ оларды суландыруға бағытталған болатын.
Кеңес қорытындысы бойынша жер қатынастары бөлімдерінің басшыларына Жайылымдарды басқару және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде пайдалану жөніндегі жоспарларды әзірлеу қажеттілігі және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жайылымдарды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмалар берілді.