
Егіс науқанына 14 мыңнан астам техника қатысатын болады: 12,5 мыңнан астам түрлі үлгідегі тракторлар (оның ішінде 4 мыңнан астам өнімділігі жоғары машиналар), 1.5 мың заманауи өнімділігі жоғары егіс кешендері, 5,8 мың жүк автомобильдері. Жыл басынан бері 10,6 млрд. теңгеге қосымша 390 бірлік техника мен жабдық сатып алынды.
Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес 2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жоспары 6,1 % құрайды. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы техникасы 644 техника (оның ішінде 75 трактор, 102 комбайн, 143 дән сепкіш және 156 бірлік өзге де техника мен жабдық) есептен шығарылды немесе 0,9%. Техниканың дайындығы 99,2 % құрайды.