Солтүстік Қазақстан аграршылары 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізуді жоспарлап отыр

Солтүстік Қазақстан аграршылары 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізуді жоспарлап отыр

Солтүстік Қазақстан облысы минералды тыңайтқыштарды енгізу бойынша көшбасшы болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және топырақтың құнарлылығын сақтау мақсатында өңірдің аграршылары 2024 жылы шамамен 3,0 млн. гектарда топыраққа 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алуды және енгізуді жоспарлап отыр.

2024 жылдың 17 сәуірінен бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бойынша өтінімдерді қабылдауды бастады. Бүгінгі таңда 100-ге жуық өтінім қаралды. Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасын іске асыру үшін 2024 жылы 7 369 863 мың теңге бөлінді.