Хабарландыру

Хабарландыру

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ 2020 жылғы күзгi егiс жұмыстарын жүргiзуге облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне арзандатылған дизель отынын жеткiзу бойынша Операторлардың өтiнiмдерiн қабылдауды жүргiзедi.

Келесi критерийлер бойынша:

  1. Оператордың коммерциялық ұсынысын және МӨЗ-дан отынды тасымалдау және оны соңғы тұтынушыға жеткiзу жөнiндегi шығындардың калькуляциясын ұсыну;
  2. Осы салада қызмет көрсету бойынша жұмыс тәжiрибесi;
  3. Операторда дизель отынының вагондық партияларын сатып алу үшiн кредиттiк ресурстарға қолжетiмдiлiктiң болуы;
  4. Оператордың мұнай өнiмдерiн өткiзу құқығына рұқсаты болуы және аккредиттелген субъектiлердiң (мұнай өнiмдерiн берушiлердiң) тiзiлiмiне енгiзiлуi тиiс;
  5. Мұнай өнiмдерiн сақтауға және босатуға арналған терминалдардың не сақтау шарттарының болуы.
  6. Дизель отынын босату операторларды iрiктеу жөнiндегi кеңестiң хаттамасында келiсiлген және тiркелген баға бойынша жүргiзiледi.

Өтiнiмдердi ұсыну мерзiмi Энергетика министрлiгi арзандатылған дизель отынын жеткiзу кестесiн бекiткенге дейiн.