М. Жұмабаев атындағы ауданында егін себу жұмыстарына қалай дайындалуда

М. Жұмабаев атындағы ауданында егін себу жұмыстарына қалай дайындалуда

Осы жылы М.Жұмабаев атындағы ауданы бойынша барлық егіс алаңы 435,6 мың гектарды құрайды. Дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар алқабы-325,8 мың гектар, оның ішінде бидай дақылы-280,0 мың гектар. Майлы дақылдар 60 мың гектарда, жемшөп дақылы 47,8 мың гектарда егілетін болады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13,7 мың гектарда, картоп пен көкөністер 1,5 мың гектар және 0,5 мың гектар.

 2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын суару алаңы 24 гектарды құрайды, оның ішінде тамшылатып суару 24 га құрайды. Қар ұстау 328,1 мың гектар алаңда жүргізілді немесе 100%.

Техниканың дайындығы 98 % құрайды. 2023 жылы 6,5 млрд. теңгеге 273 бірлік техника мен жабдық сатып алынды. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 648,5 млн. теңгеге 86 бірлік техника мен жабдық сатып алынды.

Ағымдағы күнге АШТӨ операторлармен литріне 250 теңге бағамен арзандатылған дизель отынына 5813 тоннаға 144 шарт жасалды немесе 100%.  

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру және құнарлылығын сақтау үшін минералды тыңайтқыштарды қолдану болып табылады.  18131 тонна жоспарға сәйкес ауданның АШТӨ минералды тыңайтқыштар бойынша 11466,7 тоннаға шарттар жасалды немесе 63%.

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 2024 жылғы егінге толық көлемде (48,9 мың тонна) тұқым себілді. Жақсы егіннің кепілдіктерінің бірі-климаттың стресстеріне де, түрлі ауруларға да төзімді және нәтижесінде жақсы өнім беретін элиталық тұқымдарды қолдану. Ағымдағы жылы 4,9 мың тонна элиталық тұқым себу жоспарлануда.