Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында егін себу жұмыстарына қалай дайындалуда

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында егін себу жұмыстарына қалай дайындалуда

2024 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының алдын ала құрылымы 723,4 мың гектарды құрайды:

  • дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 544,4 мың га;
  • майлы дақылдар-118 мың га; 
  • жемшөп-55,4 мың га; 
  • картоп-4,7 мың га; 
  • көкөністер-0,9 мың га.

550 мың га алқабында жер жырту жұмыстары жүргізілді немесе жоспарға сәйкес 100%. 2024 жылғы егінге 61,8 мың тонна тұқым құйылды немесе 100,5%. Ауданда 3 тұқым шаруашылығы бар. 

Осы жылы 35 АШТӨ 8,6 мың тонна тұқым және 6194 егіс бірлігінің будандарын әкелді.

Шаруашылықтар 473,7 млн. теңгеге 11 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Аудан бойынша техниканың дайындығы                       96 % құрайды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары дизель отынын жеткізуші операторлармен көктемгі дала жұмыстарына 48,2 мың тонна көлемінде 1115 шарт жасасты.