СҚО әлеуметтік маңызы бар дақылдардың егін алқабы ұлғаяды

СҚО әлеуметтік маңызы бар дақылдардың егін алқабы ұлғаяды

Солтүстік Қазақстан облысында биыл әлеуметтік маңызы бар дақылдардың егіс алқабы ұлғаяды. Әртараптандыру шеңберінде майлы дақылдардың егіс алқабы - 686 мың гектардан 751 мың гектарға дейін, жасымық 134,8 мың гектарға дейін өседі, 2023 жылы - 115,3 мың гектар болды.

Ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп егу алаңы 6 мың гектардан 7,7 мың гектарға дейін ұлғаяды.

2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістері 4,5 млн. га құрайды, оның ішінде: дәнді дақылдар - 3,4 млн. га, майлы дақылдар - 751 мың га. жемшөп - 379 мың га, картоп - 26 мың га, көкөністер - 5,0 мың га.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары толық көлемде тұқыммен қамтамасыз етілген. Бұл 484,5 мың тонна.