
Егіс науқанын ойдағыдай өткізу көбінесе техникалық жабдықтармен, машина-трактор паркін жөндеу және дайындау сапасымен анықталады. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 12,7 мыңнан астам түрлі үлгідегі тракторлар, 14 мыңға жуық астық сепкіштер, 1.5 мың заманауи жоғары өнімді егіс кешендері қатысады деп жоспарлануда. Қазір техниканың дайындығы 92 % құрайды.
Облыста 219 машина-трактор шеберханасы бар, барлығы ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге кірісті. Егісы жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізуге ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту да ықпал етеді. Өткен жылдың өзінде жалпы сомасы 79,5 млрд. теңгеге 2 848 бірлік техника сатып алынды.
Осы жылы жалпы сомасы – 79 млрд. теңгеге 2 560 бірлік жаңа техника мен жабдық сатып алу жоспарлануда. Ағымдағы күнге 8,5 млрд теңгеге 262 бірлік техника сатып алынды.