
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы "Кazagrozhambyl-2024"бірінші халықаралық ауыл шаруашылығы форумы-көрмесіне қатысады. Ол Тараз қаласында 19-21 наурыз аралығында өтеді. Оның аясында түркі мемлекеттері ұйымының Ауыл шаруашылығы министрлерінің 3-ші кеңесі өтеді, стратегиялық келісімдер мен келісімшарттар жасалады. Сарапшылар ауыл шаруашылығындағы заманауи инновацияларды, тұқым шаруашылығы мен жылыжай бизнесін дамытуды, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуды және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үрдістерін талқылайды. "KazAgroZhambyl-2024" Форум-көрмесі - ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды оқиға - отандық фермерлер серіктестерді тауып қана қоймай, өз өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейте алады. Бұл іс-шара ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтуға мүмкіндік береді.