
Құрметті аграршылар! 2024 жылғы 19 наурыздан бастап тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау жөніндегі өтінімдерді қабылдау басталады. Сіз Gos Agro порталы арқылы өтінім бере аласыз. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет және субсидияларды төлеу шарттары туралы толығырақ ақпаратты "Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында" табуға болады. Толық кеңесті 53-42-61 телефоны арқылы алуға болады.