Наурызнама-Наурыз мейрамының жаңа форматы

Наурызнама-Наурыз мейрамының жаңа форматы

Биылғы жылдан бастап қазақстандықтар Наурыз мейрамын жаңа форматта-Наурызнаманы атап өтуде. Енді мерекелер 10 күнге созылады. Онкүндік 14 наурыздан басталады -"Көрісу күні-Амал мерекесі". Бұл күні бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау, ізгі тілектер білдіру және аға буынға құрмет көрсету әдетке айналған болатын. Мерекелеудің жаңа форматына СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қызметкерлері қосылды. Ведомство барлық қазақстандықтарға амандық пен бейбітшілік тілейді. Жыл бойы Сіздерде бай дастархан болсын! Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық!