
СҚО аграршылары көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты бастады. Қазір олар дизель отынын жеңілдетілген бағамен — литріне 250 теңгемен сатып алуда. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған жанар-жағармай материалдарын ұсыну түріндегі көмек жыл сайын көрсетілуде. Осындай жәрдемдесу шараларын пайдаланатын шаруашылықтардың бірі-Жамбыл ауданының "Аманжол" ШҚ. Оның басшысы Gosagro.kz жүйесі арқылы арзандатылған отынды сатып алу үшін операторлармен жұмыс істеу өте ыңғайлы екенін атап өтті.
Әсем Мақжанқызы, "Аманжол" ШҚ басшысы:
— "Шынымды айтсам, бұл өте ыңғайлы бағдарлама, әсіресе, біз бұрын дизель отынын қалай сатып алатынымызды есімізге түсірсек, қиындау болған еді. Қазір бәрі өте керемет, мен өте қуаныштымын. Ең бастысы, менеджер барлық құжаттарды уақытында және дұрыс тапсырады".
2024 жылға арналған көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына қажеттілікті қалыптастыру үшін 2023 жылғы 1-20 желтоқсан аралығында 53,2 мың дизель отынына 1446 өтінім келіп түсті. Өңірде барлығы 10 оператор бар. Солардың бірі - "Авион НОРД" ЖШС.
Дәурен Базылбеков, "Авион Норд" ЖШС коммерциялық директоры:
— "Жанар-жағармайды жөнелтуде проблемалар жоқ, біз шамамен 1000 тонна алдық. Қазір біз, шамамен 2 мың тоннаға төлем жасадық. Gosagro.kz жүйесі арқылы жұмыс істеу өткен жылдың жазынан бастап біз осы жүйе арқылы жұмыс істеп келеміз. Бұл онлайн режимінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдер алуға мүмкіндік береді, онда біз егіс алқаптары мен тоннажды бірден көреміз".