Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысында суару жөнінде жаңа жобалар іске асырылады

Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысында суару жөнінде жаңа жобалар іске асырылады

Солтүстік Қазақстан  облысында су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлер алаңын біртіндеп ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. 2023 жылы осыған бағытталған 5 инвестициялық жоба енгізілді, 2024 жылы олардың саны тағы бірнеше өседі. Бұл суару алаңын 2,9 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Солтүстік Қазақстан облысында бір жылда ауыл шаруашылығы дақылдарын суару алаңы 2 есе ұлғайды. Ол 4 713,5 гектарға жетті, оның басым бөлігі жаңбырлатып суару. Негізгі өсірілетін дақылдар – жемдік дақылдар-2 409 га, дәнді дақылдар-1 038 га, ал қалған егін алқабын көкөністер алып жатыр. Жалпы, облыста 2021-2025 жылдары аралығында су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлер алаңын 10,1 мың гектарға дейін біртіндеп ұлғайту жөніндегі іс-шаралар көзделген.